Майоттадағы жойқын циклоннан құрбан болғандар саны өсуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилоннан соң құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BBC.

Франциядағы жойқын циклон
Фото: Reuters

Жергілікті әкімшілік басшысы Франсуа-Ксавье Бьевиль БАҚ өкілдеріне қираған дүниелердің ауқымы анықталған соң құрбан болғандар саны артуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұл ретте ол табиғи апат салдарынан жүздеген адам құрбан болғанын, алайда олардың саны мыңдаған адамға жетуі мүмкін екенін ескертті.

Қазіргі таңда құтқарушылар кейбір зардап шеккен өңірлерге жетуге талпынып жатыр.

 "Шидо» кейбір елді мекендердің қирауына әкелуі ықтимал. Себебі оның күші сағатына 225 км-ді құрады.

Майоттада Франция аумағына баспана іздеп келген, құжатсыз жүрген мигранттар көп. Құрбан болғандардың көпшілігі солар болуы ықтимал, себебі олардың көпшілігі қолдан жасалған баспаналарда тұрып жатыр.

Майотта аралдар тобындағы тұрғындар саны 320 мың адамды құрайды. Жергілікті тұрғындардың көпшілігі азық-түліктің, ауызсудың жетіспеушілігіне, баспананың жоқтығына шығамданады.

Осыған дейін Грузия мейрамханаларының бірінде 12 қызметкердің мәйіті табылғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар