Францияны аптап ыстық жайлады
АСТАНА. KAZINOFRM — Францияның 26 департаментінде аптап ыстыққа байланысты қызғылт сары деңгейдегі ескерту жарияланды, деп хабарлайды Анадолы.
Францияның 26 департаментінде қалыптан тыс аптап ыстыққа байланысты қызғылт сары деңгейдегі ескерту енгізілді.
Францияның Meteo-France метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, кейбір өңірлерде ауа температурасы 40 градус Цельсийге дейін жетуі мүмкін.
Хабарламада елдің бірқатар аймағында, соның ішінде Воклюз, Жоғарғы Гаронна және Дё-Севр департаменттерінде орман өртінің шығу қаупі жоғары күйінде сақталып отырғаны айтылған.
Францияның ұлттық теміржол тасымалдаушысы SNCF қалыптан тыс ыстыққа байланысты Париж – Орлеан – Лимож – Тулуза, Париж – Клермон-Ферран және Трансверсаль-Сюд бағыты бойынша Бордо – Марсель бағыттарындағы 71 рейсті тоқтатты.
Айта кетелік Францияда аптап ыстық пен электр желісінің бұзылуына байланысты пойыз жолаушылары эвакуацияланған еді.