Францияның 49 аймағында аптап ыстыққа байланысты ең жоғары қауіп деңгейі енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Франция елінде аптап ыстыққа байланысты 49 әкімшілік аймақта, оның ішінде Париж бен Иль-де-Франс өңірінде ауа райына қатысты ең жоғары — қызыл қауіп деңгейі жарияланды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Сильная жара до +35 и грозы: штормовое предупреждение объявили в Казахстане
Фото: pixabay

Météo-France ұлттық метеоқызметінің мәліметінше, елдің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, мұндай деңгейдегі ескерту Францияның осынша көп аймағында бұрын-соңды қатар жарияланған емес.

Сонымен қатар 40 аймақта қызғылт сары қауіп деңгейі, тағы 7 аймақта сары деңгей енгізілді. Осылайша Францияның еуропалық бөлігінің басым аумағы аптап ыстыққа байланысты түрлі деңгейдегі ескерту аймағына кіріп отыр.

Бұған дейін Францияның ұлттық білім министрі Эдуар Жеффре жоғары температураға байланысты 845 мектептің жабылатынын мәлімдеген.

Тағы 1,8 мың білім беру мекемесінде сабақ кестесі өзгертіледі. Оқушыларға түске дейін мектептен шығу ұсынылады.

-Аптап ыстық келесі аптада да сақталуы немесе тіпті күшеюі мүмкін, — деп хабарлады синоптиктер.

Еске салайық, бұған дейін Францияның 60 аймағында қызғылт сары қауіп деңгейі жарияланып, ауа температурасы 41 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екені хабарланған еді.