Францияның Ницца қаласында қарулы шабуылдан 2 адам қаза тауып, 5 адам жараланды

АСТАНА. KAZINFORM –  Оқиға Ниццаның Мулен ауданында болған. Шабуыл кезінде қауіпсіздік күштері мен өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Анадолы. 

Францияның Ницца қаласында қарулы шабуылдан 2 адам қаза тауып, 5 адам жараланды
Фото: Анадолы

Бұл туралы Приморлық Альп префектурасының X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Мәліметке сәйкес, оқиға Ниццаның Мулен ауданында болған. Шабуыл кезінде қауіпсіздік күштері мен өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетіп, ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, жараланғандардың екеуінің жағдайы ауыр.

Приморлық Альп департаментінің губернаторы Лоран Отто оқиға орнына барып, бұл әрекетті айыптады. Ішкі істер министрі Бруно Ретайоның тапсырмасымен аймаққа қосымша қауіпсіздік күштері жіберілетін болды.

Лоран Отто қауіпсіздік қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадаларына жылдам әрекеті үшін алғыс білдірді.

BFMTV телеарнасының хабарлауынша, оқиға бойынша «ұйымдасқан қылмыстық топ жасаған қасақана кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет ету» бабы бойынша тергеу басталған. 

Айта кетелік Францияда мыңдаған адам бюджетті үнемдеу шараларына қарсы шыққан еді

Соңғы жаңалықтар