Францияның оңтүстігінде орман өрті қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Францияның оңтүстігіндегі алты департаментте аптап ыстық салдарынан орман өрті қаупі күшейіп, ең жоғары – «қызыл» қауіп деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Anadolu.
Францияның Meteo-France метеорологиялық қызметінің мәліметінше, тағы үш департаментте – Ардеш, Дром және Варда «қызғылт сары» қауіп деңгейі енгізілген.
Францияның Ұлттық өрт сөндірушілер федерациясының өкілі Давид Аннотельдің айтуынша, жаз маусымы енді басталғанына қарамастан, орман өртінің қаупі алаңдаушылық туғызып отыр.
«Орман өрттерінің әрбір тоғызыншысы адамның кінәсінен болады. Сондықтан тұрғындарды префектуралардың талаптарын сақтауға, орманда темекі шекпеуге және мангалды тек бетон алаңдарда пайдалануға шақырамыз», – деді Давид Аннотель.
Оның айтуынша, қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің техникасы мен жеке құрамына түсетін жүктеме айтарлықтай артқан. Сонымен қатар алдағы екі ай бойы осындай жағдайда жұмыс істеуге тура келеді.
Аннотель қазіргі ауа райы өрт қаупін күшейтіп отырғанын айтты. Оның мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 30 шақырымға жетіп, ауа ылғалдылығы 30 пайыздан төмендеген, ал температура 30 градустан жоғары сақталып тұр.
Айта кетейік, Францияда аптап ыстық салдарынан өлім-жітім мың жағдайға артты.