Freedom Bank қытайлық UnionPay Business компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM – Құжатқа қол қою рәсімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңге сапары аясында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің кезекті отырысында өтті.

Freedom Bank
Фото: Freedom Bank

Freedom Bank пен UnionPay Business Қазақстан мен Қытай арасындағы шекарааралық электронды коммерцияны көтерме сауда саласында дамытуға, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуға бағытталған.

Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің отырысының алдында Президент Тоқаевтың ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі өтті. Өз кезегінде, Қазақстан көшбасшысының Іскерлік кеңес отырысына қатысуы іс-шараның жоғары деңгейін атап өтті және екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосымша серпін берді. Өз кезегінде, Қазақстан көшбасшысының Іскерлік кеңес отырысына қатысуы іс-шараның жоғары деңгейін атап өтті және екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосымша серпін берді. Кездесуге тараптардың ірі бизнес өкілдері де қатысты, олар жаңа іскерлік байланыстарды орнату және қолданыстағы іскерлік байланыстарды нығайту мәселелерін, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ынтымақтастық туралы меморандум: Freedom Bank, UnionPay Business және Verum Payments Limited жеке компаниясы арасында үш жақты болып табылады. Оған Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов, UnionPay Business Payment Co., ltd Hebei Branch бас директоры Го Гуансин және Verum Payments Limited ЖК/ЧК бас директоры Ринат Берікболов қол қойды.

Қол қоюшылар Freedom Bank арқылы электрондық коммерция және цифрлық экономика саласында Қытай-Қазақстан трансшекаралық есеп айырысу жүйесін құру туралы келісті.

Бұл процесс «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің алдыңғы қатарлы салаларды талдау орталығының қолдауымен және CITIC POLY FUND еншілес компаниясының Polyking New Horizons Technology Industry Co., Ltd-ның қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы трансшекаралық электрондық коммерцияны және көтерме сауда саласындағы төлем операцияларын белсенді дамытуды, сондай-ақ экономикалық және сауда байланыстарын нығайтуды жоспарлап отыр.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі:

Қол қойылған құжаттың негізгі тармақтарының бірі инфрақұрылымды дамыту және ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бірлескен іс қимыл туралы келісім болды. Біз UnionPay Business-ке есеп айырысу жүйесін әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ оның Орталық Азия нарығында болуын нығайтуға жәрдемдесетін боламыз. Өз кезегінде, UnionPay Business Freedom Bank-ке төлем арналарын ашуда, техникалық қызметтер көрсетуде және Қытай банктерінде юань мен АҚШ долларында корреспонденттік шоттар ұсынуда қолдау көрсетеді. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестікті нығайтуға және трансшекаралық есеп айырысуларды дамытуға маңызды әрі қажетті қадам.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Freedom Bank және UnionPay International UnionPay төлем карталарына эквайрингтік қызмет көрсетуді іске қосқан болатын. Енді UnionPay төлем карталарынан тауарлар мен қызметтерге POS-терминалдар арқылы және Freedom Pay қызметіне қосылған мерчанттардың сайттарында ақы төлеуге болады. Сервис Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де шығарылған барлық UnionPay карталары үшін қолжетімді.

Соңғы жаңалықтар