14:21, 06 Қаңтар 2026 | GMT +5
Фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі: ұлттық құраманың тізімі жарияланды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Канаданың Лак-Бопор қаласында өтетін әлем кубогінің кезеңіне қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 6-7 қаңтар аралығында өтеді. Аталған ірі халықаралық турнирде ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
- Шерзод Хаширбаев;
- Асылхан Асан;
- Ұланбәкір Өмірзақов;
- Дінмұхамед Райымқұлов;
- Роман Иванов;
- Аяна Жолдас.
Айта кетейік, «Қайрат» футзал клубы әлемнің үздік командасы атағына таласады.
«Барыс» бүгін Ресейде «Торпедомен» кездеседі.