08:31, 18 Наурыз 2011 | GMT +5
«Фукусима-1» атом-электр стансасының 2-ші, 3-ші және 4-ші реакторларынан түтін шығып жатыр
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Жойқын зілзаладан әлі есін жия алмай жатқан Жапонияның «Фукусима-1» атом-электр стансасындағы апаттың беті әлі қайтпай отыр.

"Бүгін стансаның 2-ші, 3-ші және 4-ші реакторларының үстерінен ақ түтін көтеріле бастады", - деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Жапонияның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, екінші реактордың үстінен көтеріліп жатқан түтін пайдаланылған отындар жататын бассейнен шығып жатуы мүмкін немесе ол реактордың қысымды төмендету камерасында жарылыс болғанының белгісі болуы да ықтимал.