Футбол: 17 және 19 жасқа дейінгі қыздарымыз қарсыластарын білді

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 17 жасқа дейінгі және 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамалары арасындағы  2010/2011 жылғы Еуропа чемпионаттарының іріктеу турнирлерінің жеребесі тартылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жеребе бойынша Қазақстанның 19 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы Швейцария, Польша және Македония командаларымен бірге бесінші топта өнер көрсететін болды. Біздің топтағы ойындар Македонияда өтеді. Бұл жас санатындағы Еуропа чемпионатының финалдық турнирі Италияда болады. Бұл елдің құрамасы чемпионат қожайыны ретінде іріктеу турниріне қатыспайды. Германия құрамасы жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бірінші іріктеу кезеңінде 11 топқа бөлінген 44 команда ойнайды. Топтардағы матчтар 2010 жылғы қыркүйектің 11-16-сы күндері өтеді. Өз топтарында 1-ші және 2-ші орын алған командалар, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздігі екінші іріктеу кезеңіне шығады.

  Ал 17 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2010/2011 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық турнирі төрт команданың қатысуымен  Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы Финляндия, Норвегия және Сербия командаларымен бірінші топқа түсті. Бұл топтағы іріктеу турнирі 2010 жылғы қыркүйектің 25-30-ы аралығында Финлияндияда өтеді.

 Жалпы іріктеу турниріне 41 команда қатысады. Бұның алдындағы екі бірдей чемпионаттың жеңімпазы ретінде Германия жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қалған 40 команда 10 топқа бөлініп отыр. Келесі кезеңге әр топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік бес команда шығады.

Соңғы жаңалықтар