Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогының жартылай финалында

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Ақтөбе» командасы Мәскеуде өтіп жатқан футболдан ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогының жартылай финалына шықты,

Футбол: «Ақтөбе» Достастық кубогының жартылай финалында

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Біздің команда ширек финалда Беларустың «Днепр» Мг командасын 3:1 есебімен жеңді. Голдардың авторлары: Эссомба (14 минөт), Головской (20 минөт), Кенжесариев 61 (минөт). Енді «Ақтөбе» жартылай финалда Литваның «Экранас» командасымен кездеседі.

Айта кетейік, бұл турнирде «Ақтөбе» Әзірбайжанның «Бакы», Финляндияның «ХИК» және Тәжікстанның «Вахш» клубтарымен бірге «В» тобында ойнады. Олар жарыс күнтізбесіне сәйкес, алдымен Финляндияның «ХИК» командасымен кездесіп, оған 0:1 есебімен есе жіберіп қойса, одан кейін Тәжікстанның «Вахш» клубын 2:0 және Әзірбайжанның «Бакы» командасын 2:0 есебімен жеңді. Қаңтардың 16-да басталған «Достастық» кубогы үшін жарыс 24-і күні аяқталады.

Атап өтерлігі, «Ақтөбе» 2009 жылғы ТМД және Балтық елдері чемпиондары кубогы турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын. Финалда жерлестеріміз Молдованың «Шериф» клубына есе жіберді. Осылайша «Ақтөбе» өз тарихында тұңғыш рет Достастық кубогының күміс жүлдесіне ие болды. Бұл бұған дейін аталмыш турнирге қатысқан қазақстандық клубтардың ішіндегі ең жоғары нәтиже.