Футбол: «Ақтөбе» Қазақстанның Суперкубогының иегері атанды
аурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақтөбенің «Ақтөбе» футбол клубы Қазақстанның Суперкубогының иегері атанды.
Жексенбі күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өткен матчта «Ақтөбе» Атыраудың «Атырау» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ақтөбеге» жеңіс сыйлаған голдарды ойынның 42-ші минөтінде Струков және 80-ші минөтінде Аверченко соқты. Осылайша «Ақтөбе» өз тарихында осымен екінші мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Кубокты «Ақтөбе» командасының капитаны Самат Сымақовқа Ұлттық футбол лигасының басшысы Сейілда Байшақов табыс етті.
Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Суперкубогын алдыңғы маусымда премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.