Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футбол: «Ақжайық» Әзірбайжанның «Симург» командасымен күш сынасады

ОРАЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында жаңа маусымға дайындалып жатқан Оралдың «Ақжайығы» екінші спарринг-матчын 17 қаңтар күні Әзірбайжан чемпионатының күміс жүлдегері «Симург» командасымен өткізеді.

Футбол: «Ақжайық» Әзірбайжанның «Симург» командасымен күш сынасады

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, оралдықтардың алдағы кездесулердегі екі қарсыласы да белгілі болды. 19 қаңтарда «Ақжайық» Мәскеудің «Динамо» командасының, 20 қаңтарда мәскеулік «Спартактың» қосалқы құрамымен алаңға шығады.