Футбол: «Ақжайықтың» қосалқы құрамы екінші топта жеңімпаз атанды

ОРАЛ. 1 қараша. ҚазАқпарат - 1 қараша күні футболдан Қазақстан чемпионатында «Ақжайықтың» қосалқы құрамы «атыраулықтарды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Футбол: «Ақжайықтың» қосалқы құрамы екінші топта жеңімпаз атанды

Екінші тайм басында Жұмағали Әлібаев есеп ашса, көп ұзамай Ринат Қасымгереев мергендігімен көзге түсті.

Сөйтіп «Ақжайық» екінші топта 23 ұпаймен жеңімпаз атанды.

2 қараша күні «Ақжайық» пен «Атыраудың» негізгі құрамалары биылғы маусымдағы қорытынды кездесулерін өткізеді. Сегізінші орында тұрған «атыраулықтар» үшін бұл ойынның онша маңызы болмаса, премьер-лигадан әлі де үмітін үзбеген оралдықтар барын салатыны анық.