Футбол: Алдағы жексенбіде ел чемпионатының 2-ші тур ойындары өтеді
АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Алдағы жексенбі күні футболдан Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан чемпионатының 2-ші тур ойындары өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2009 жылғы ел чемпионы - Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы биылғы маусымдағы бірінші ойынын сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» клубымен өткізеді. Осы маусымды сәтті бастаған Қостанайдың «Тобылы» болса Атырауда жергілікті «Атырау» клубымен кездеседі. Сондай-ақ осы турда «Ертіс»-«Ордабасы», «Оқжетпес»-«Локоматив», «Қайрат»-«Жетісу», «Тараз»-«Ақжайық» командалары жасыл алаңға шығады.
Айта кетейік, 1-ші турдан кейін әрқайсысы үш ұпайдан жинаған Павлодардың «Ертіс» және Қостанайдың «Тобыл» командалары көш басында тұр.