Футбол: «Бавария» Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты

АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Германияның «Бавария» командасы араға тоғыз жыл салып футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты. Кешегі қарымта матчта «Бавария» сырт алаңда Францияның «Лион» клубын 3:0 есебімен жеңді. Үш голды да шабуылшы - Олич соқты,

Футбол: «Бавария» Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бір апта бұрын Мьюнхенде өткен бірінші ойында да «Бавария» жеңіске жеткен болатын. Есеп 1:0. Осылайша екі матчтың нәтижесі бойынша айқын басымдылық танытқан неміс клубы финалға шықты. Оның қарсыласы бүгін Испанияның «Барселона» және Италияның «Интер» командалары арасында болатын ойында анықталады. Миланда өткен бірінші ойында 3:1 есебімен «Интер» жеңіске жеткен болатын.