2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Футбол: Бірінші айналымнан кейін көш басында «Тобыл» тұр

АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 11-ші туры өтті.

Футбол: Бірінші айналымнан кейін көш басында «Тобыл» тұр

Бұл ел біріншілігіндегі бірінші айналымның соңғы ойыны болды. Осы турдағы орталық матч Павлодардың «Ертіс» және Қостанайдың «Тобыл» командалары арасындағы өтті. Қос мықты 90 минут бойы бірін-бірі ала алмады, есеп - 0:0. Алайда, осы турда ұпай санын арттыру үшін өздеріне берілген мүмкіндікті бас жүлдеден үміткер - Ақтөбенің «Ақтөбе» және Қарағандының «Шахтер» командалары пайдалана алмады. «Ақтөбе» сырт алаңда «Таразбен» 2:2 есебімен тең ойнады, ал «Шахтер» болса қонақта «Атыраудан» 1:0 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, бірінші айналымның нәтижесі бойынша көш басында «Тобыл» тұр, қостанайлықтардың еншісінде 24 ұпай бар. Екінші орында 22 ұпаймен «Ертіс», үшінші орында 20 ұпаймен «Шахтер» келеді.

11-ші турдағы қалған матчтардың нәтижелері мынадай: «Жетісу»-«Локомотив» 1:0, «Қайрат»-«Ордабасы» 1:0, «Оқжетпес»-«Ақжайық» 0:1. Екінші айналымның ойындары 12-ші турмен мамырдың 25-де басталады.