14:40, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
ФУТБОЛ: Бүгін Германия мен Қазақстан арасындағы екінші матч тікелей эфирден көрсетіледі
АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Германиямен екінші матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚФФ хабарлауынша, бүгін түнгі сағат 01.45-те Нюрнбергте өтетін Германия мен Қазақстан арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчын «Хабар» тікелей эфирде көрсетеді.
Көрсетілім Қазақстан футбол Федерациясының басшылығы мен Германия - Қазақстан Әлем чемпионаты-2014 іріктеу матчының ТВ-құқығын иеленушілер арасындағы келіссөздердің сәтті аяқталуының арқасында мүмкін болды.