Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Андоррамен ойнайды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл біздің команданың іріктеу турнирі шеңберіндегі сегізінші кездесуі. Атап өтерлігі, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын былтыр тамыздың 20-сында Алматыда осы Андорра футболшыларымен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жалпы, Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында барлығы жеті кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетіп, қалғандарында ұтылып қалды. Осылайша, жеті ойыннан кейін небәрі 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Англия, Хорватия, Украина, Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түсуде. Бүгін бұл топта тағы екі кездесу өтеді. Англия Хорватияны, Беларус Украинаны қабылдайды.