Футбол: Чемпиондар Лигасының финалын қайдан көруге болады

ЛИССАБОН. ҚазАқпарат – Тамыздың 23-інен 24-іне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футбол: Чемпиондар Лигасының финалын қайдан көруге болады

Лиссабондағы (Португалия) «Эштадиу ду Бенфика» стадионында өтетін финалдық бәсекеде Франция чемпионы ПСЖ мен бундеслига үздігі «Бавария» бақ сынайды. Қос команда да жартылай финалда қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түскен болатын.

Ойынның тікелей трансляциясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көруге болады.

ПСЖ (Франция) — «Бавария» (Германия) – 24 тамыз, басталуы сағат 00:50-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

Ойын көрерменсіз өтеді.