Футбол: Дағдарысқа қарамастан Ұлттық құрама қаржыдан тарықпайды

АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Әлемдік қаржы дағдарысы спорт әлеміне де өзгерістер алып келе бастады. Бүгін Қазақстанның футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов Алматыда БАҚ өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы футболдың қазіргі жағдайы туралы мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Саян Хамитжановтың айтуынша, дағдарыстың футбол әлеміне де өзіндік жақсы-жаман әсері тие бастады. «Жақсысы, бұрын клубтарға облыстық бюджеттен ақша бөлінетін. Ал клуб менеджерлері сол қаржыны игеріп қарап отыратын. Енді ол жоқ, клубтардың менеджерлері қиын жағдайдан шығудың амалын іздеп, футбол арқылы ақша жасау жолын үйрене бастады. Жаманы, футболдың демеушілері азайды. Сондықтан кейбір клубтар, мәселен, "Қайрат" премьер-лигадан шығып, Алматы «футболсыз» қалды», - дейді ол. Ол сондай-ақ дағдарыс қалай әсер етсе де Ұлттық құраманың қаржыдан тарықпайтындығын жеткізді. Тек аздаған үнемдеу болуы мүмкін. «Ұлттық құрама біздің имиджіміз. Сондықтан оған көңіл бұрынғыдай бөлінеді, тек кейбір нәрселерден үнемдеу болады. Мәселен, ылғи чартерлі рейстермен ұша бермейді. Биыл тек Ұлыбритания мен Украина құрамасымен кездесу өткен кезде ғана чартерлі ұшақ пайдаланбақпыз. Ал бұдан үнемделген қаржыны балалар футболын дамытуға жұмсаймыз», - дейді С. Хамитжанов.
Соңғы жаңалықтар