Футбол: Ертең Астанада «Ақтөбе» мен «Атырау» Қазақстанның Супер кубогын өзара сарапқа салады

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең «Астана-Арена» стадионында футболдан 2010 жылғы Қазақстанның Супер кубогы матчы өтеді. Супер кубокты Премьер-лига командалары арасында өткен маусымда ел чемпионы атанған Ақтөбенің «Ақтөбе» және Қазақстан кубогын жеңіп алған Атыраудың «Атырау» командалары сарапқа салады,

Футбол: Ертең Астанада «Ақтөбе» мен «Атырау» Қазақстанның Супер кубогын өзара сарапқа салады

деп хабарлайды қазАқпарат.

Бұл ойын наурыздың 14-і күні сағат 14-те басталады. Айта кетейік, Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Супер кубогын алдыңғы маусымда Премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар өзара сарапқа салады. 2008/2009 жылғы маусымда «Ақтөбе» 26 ойында 65 ұпай жинап, ел чемпионы атанған болатын. Ал, «Атырау» болса финалда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңіп, былтыр Қазақстан кубогының иегері атанды.