Футбол: Еуропа чемпиондары лигасының финалында «Бавария» мен «Интер» кездеседі
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалында Германияның «Бавария» және Италияның «Интер» командалары кездеседі. Ағымдағы жылғы кәрі құрлықтың ең мықты командасын анықтайтын ойын мамырдың 22-сі күні Испанияның Мадрид қаласындағы «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жартылай финалдық ойында «Бавария» екі ойынның қорытындысы бойынша Францияның «Лион» командасын, ал «Интер» Испанияның «Барселона» клубын жеңді. Осылайша, «Бавария» араға тоғыз жыл салып барып чемпиондар лигасының финалына шықса, «Интер» қырық жылға жуық уақыттан кейін Еуропаның үздік командасы атануға мүмкіндік алып отыр.