Футбол: Испания Әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында өтіп жатқан футболдан 19-шы әлем чемпионатында Испания құрамасы финалға шықты.
None
None

Кеше өткен жартылай финалдық ойында Испания Германия құрамасынан 1:0 есебімен басым түскен болатын. енді испандықтар шілденің 11-і күні бұған дейін Уругвайды 3:2 есебімен ұтқан голландықтармен әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік туып отырған Испания 1/8 финалда Португалияны (1:0), ширек финалда Парагвайды (1:0) есебімен ұтқан болатын. Жалпы 2008 жылғы Еуропаның мықты командасы атанған Испания құрамасы 1950 жылдан бері әлем чемпионатының финалдық тобына бірінші рет шығып отыр.
Ал бұған дейін екі мәрте әлем біріншілігінің ақтық сынына шығып, екеуінде де жеңіліп қалған Голландия үшін де тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алуға тамаша мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар