08:43, 03 Маусым 2013 | GMT +5
Футбол: «Каспий Кубогында» Қазақстан Қырғызстаннан ұтылды
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Әзербайжан елінде футболдан өтіп жатқан «Каспий Кубогы» турнирінде еліміздің құрамасы (16 жасқа дейінгі) үшінші мәрте жеңілді.

Бұл хақында Vesti.kz. жазып отыр.
Бұл жолы ұлттық құрама тартысты бәсекеде 0:1 есебімен қырғызстандықтарға есе жіберді. Айта кеткен жөн, аталмыш командалар тек 9-12-орындар үшін бақ сынасуда. Бұл топта Иордания мен Тәжікстан да бар.
Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Грузиядын 1:13, Болгариядан 0:13 есебімен жеңілген-ді. Жарыста еліміздің намысын 16 жасқа дейінгі балалар қорғауда, ал олардың қарсыласы бір жасқа үлкен. Аталмыш жастағы қазақстандық құрама болса, Минскідегі біріншіліктегі турнирде өнер көрсетуде.