ФУТБОЛ: «Қайрат»-«Абердин» матчы өтетін күн анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасы біліктілігінің үшінші раундында алматылық «Қайрат» футбол командасының шотландиялық «Абердинаға» қарсы матчы өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

ФУТБОЛ: «Қайрат»-«Абердин» матчы өтетін күн анықталды

Алғашқы ойын Алматыда 30 шілдеде өтеді. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 20.45-те басталады. Ал қарымта матч 6 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 00.45-те өтеді.