Футбол: «Қайрат» қайтадан премьер-лигаға оралды
АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионы атанған Алматының «Қайрат» клубы араға екі жыл салып қайтадан премьер-лигаға оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірінші лига командалары арасында ел біріншілігі әлі аяқталған жоқ. Бірақ соған қарамастан, 24 ойыннан кейін 55 ұпай жинап қарсыластарынан көш ұзаған «Қайрат» келесі маусымнан бастап элиталы дивизионда өнер көрсету құқығына алдын-ала ие болды. Атап өтерлігі, «Қайраттан» бөлек премьер-лигага жолдама алуға Алматы облысы Қаскелең қаласының «Сұңқар», Оралдың «Ақжайық» және Астананың «Намыс» командаларының мүмкіндіктері бар. Барлығы да соңғы екі турдың матчтарының нәтижелерінен кейін белгілі болады.