Футбол: «Қайрат» Түркияда ресейлік командадан басым түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футбол командасы Туркиядағы оқу-жаттығу аясындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оның қарсыласы Ресей чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін Чайка командасы болды.

Бұл кездесуде есепті бірінші болып 30-ші минутта ресейлік Александр Подбельцев ашты. Артынша, екінші тайымның алғашқы 15 минутында Қайрат ойыншылары қатарынан үш гол соғып, ойынды жеңіспен аяқтады. Алматылықтар сапынан Адеринсола Эсеола дубльмен және Раде Дугалич бір голмен көзге түсті.

Айта кету керек, бұл «Қайрат» клубының бапкері Алексей Шпилевскийдің алғашқы жеңісі болып саналады. 30 жасар ресейлік маман команданы 2018 жылдың қарашасынан бастап жаттықтырады.

Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар