Футбол: Қазақстан кубогы1/8-ші финалының нәтижелері
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан Қазақстан кубогының 1/8-ші финалының матчтары өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ең ірі нәтиже Атыраудың «Атырау» және Көкшетаудың «Оқжетпес» командалары арасындағы ойында тіркелді. Есеп 9:2, атыраулықтардың пайдасында. Ал, Шымкенттің «Ордабасы» болса Оралдың «Ақжайығын» 5;0 есебімен ойсырата жеңді. Қарағандылық қос команда «Гефест» пен «Шахтер» арасындағы матчта 0:4 есебімен соңғысы жеңіске жетті. Қалған матчтардың нәтижелері мынадай: «Жетісу»-«Қайрат» 1:0, «Тараз»-«Ертіс» 1:0, «Цесна»-«Локоматив» 0:3, «Восток»-«Тобыл» 1:2.