Футбол: Қазақстан құрамасы Андорраны 3:1 есебімен жеңді

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында кезекті ойынын сырт алаңда Андоррамен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарсыластарымыздың қақпасына екі голды «Восток» клубының шабуылшысы Сергей Хижниченко,  бір  голды «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев соқты. Атап өтерлігі, бұл біздің құраманың іріктеу турнирі шеңберіндегі екінші жеңісі. Жерлестеріміз іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын былтыр тамыздың 20-сында Алматыда осы Андорра футболшыларымен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша Қазақстан құрамасы Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында  барлығы сегіз  кездесу өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетті, қалғандарында ұтылып қалды.  Сөйтіп біздің команда  сегіз  ойыннан кейін 6 ұпай жинап, өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.

 Айта кетейік, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Англия, Хорватия,  Украина,  Беларус және Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түсуде. Іріктеу кезеңі аясында біздің команда тағы екі кездесу өткізеді. Қазанның 10-ында сырт алаңда Беларуспен ойнаса, қазаннның 14-інде өз алаңында Хорватияны қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар