Футбол: Қазақстан құрамасына 4 жаңа ойыншы шақырылды

Өкінішке орай, жаттығу барысында алған жарақаттарының салдарынан бір-екі ойыншы қатардан шығып қалды. Енді бапкер Беранек олардың орнын толтыру үшін жаңа ойыншыларға шақырту жіберді, деп хабарлайды «Аламан».
Сонымен жарақат алған ойыншылардың басым бөлігі шабуылдың негізін қалаушылар. Атап айтқанда Сергей Остапенко және Танат Нөсербаев (екеуіде «Астана») және де шабуылды жаны сүйетін Марат Хайруллин («Ақтөбе»). Болгария құрамасымен болатын ойынға шығар-шықпасы белгісіз болып отырған ойыншы - Бауыржан Жолшиев («Тобыл» Қостанай).
Олардың орнына Беранек бапкер төмендегі футболшыларды құрама қатарына шақырып отыр. Шабуылшы Сергей Гридин («Ақтөбе») және Алексей Щеткин («Жетісу» Талдықорған). Сонымен қатар жартылай қорғаушылар Олег Недашковский («Қайрат») мен Игорь Юрин («Ертіс» Павлодар). Соңғы аталған үш футболшы - Щеткин, Недашковский, Юрин Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырылып отыр.