12:17, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Футбол: Қазақстан мен Молдова жолдастық кездесу өткізеді
АСТАНА. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан мен Молдованың футбол федерациялары екі елдің ұлттық құрама командалары арасында жолдастық кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Матч 2010 жылғы наурыздың 3-інде Түркияда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, бұл екі ел құрамаларының өзара байланыс тарихындағы екінші кездесулері болмақ. Бірінші ойын 2008 жылғы ақпанның 6-сында Түркияда өтіп, онда 1:0 есебімен Молдова құрамасы жеңіске жеткен болатын.