Футбол: Қазақстанның 2017 жылғы чемпионаты қорытындыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2017 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытынды кездесулері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тартысты өткен қорытынды 33-турда екі бірдей орталық кездесудің куәсі болдық. «Астана Аренада» «Ақжайықты» жеңген «Астана» қатарынан төртінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы болды. Ал Алматының «Қайраты» «Ақтөбе» командасын ұтып, екінші орында қалды.

Келер жылғы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне берілетін жолдамаға таласқан «Ертіс» пен «Тобыл» да үш ұпайдан еншіледі. Павлодарлықтар Қарағандының «Шахтерын» 1:0, ал Қостанайдың «Тобылы» «Атырауды» 2:0 есебімен жеңді. 48 ұпай жинаған «Ертіс» келер жылы жазда еурокубоктарға қатысатын болды. Ал қостанайлықтар 47 ұпаймен 5-орынды иеленді.

«Ордабасы» да өз алаңында кезекті үш ұпайын алды, бұл жолы шымкенттіктерге «Оқжетпес» 3:2 есебімен жеңілді. 58 ұпаймен «Ордабасы» үшінші орынға тұрақтады.

«Таразға» қонаққа барған Қызылорданың «Қайсары» 0:1 есебімен жеңіп, 42 ұпаймен алтыншы орынды иеленді.

Турнир кестесінің қалған орындары төмендегіше қорытындыланды:

7. «Шахтер» - 40 ұпай;

8. «Атырау» - 35 ұпай;

9. «Ақтөбе» - 33 ұпай;

10. «Ақжайық» - 30 ұпай;

11. «Тараз» - 26 ұпай;

12. «Оқжетпес» - 24 ұпай.

Соңғы жаңалықтар
telegram