16:48, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Футбол: Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияда өтетін УЕФА-ның шағын турниріне қатысады
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін
футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Армения астанасы Ереванға жол тартады.

Онда жерлестеріміз УЕФА-ның шағын турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жарыста Армения, Қазақстан және Эстония командалары бақ таластырады. Турнир күнтізбесі бойынша біздің команда мамырдың 14-де Эстониямен, ал 16-да Армениямен ойнайды.