Футбол: Қазақстанның әйелдер құрамасы Израильден жеңіліп қалды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2011 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші ойынын сыр алаңда Израильмен өткізіп,

Футбол: Қазақстанның әйелдер құрамасы Израильден жеңіліп қалды

1:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Осылайша іріктеу турнирі шеңберінде қатарынан екінші мәрте жеңілген біздің команда, өзі сынға түсіп жатқан 6-шы топта соңғы орында келеді. Айта кетейік, бірінші ойында жерлестеріміз қыркүйектің 16-да сырт алаңда Ирландия құрамасына 2:1 есебімен есе жіберген болатын. Футболшыларымыз келесі ойынын қазанның 29-да Талдықорғанда Ирландиямен өткізеді. 6-шы топта жоғарыдағы командалардан бөлек Ресей мен Швейцария сынға түсуде.