Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Болгариядан ұтылып қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат  /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын сырт алаңда Болгариямен өткізіп, 3:0 есебімен ұтылып қалды,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жерлестеріміздің қақпасына үш доп та ойынның екінші кезеңінде соғылды. Осылайша бұл біздің команданың іріктеу турнирі аясындағы төртінші ойыны болды. Жерлестеріміз алғашқы ойынын осы жылғы наурыздың 29-ында сырт алаңда Израильмен өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін сәуірдің 2-сінде өз алаңында Болгарияны қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.  Үшінші ойынында маусымның 7-сінде Алматыда Черногориядан 0:2 есебімен  ұтылып қалды. Сөйтіп 4 ойынан кейін 4 ұпай жинаған футболшыларымыз әзірге өз тобында 1-ші орында келеді. Біздің команда келесі ойынын қыркүйектің 9-ында Алматыда Израильмен өткізеді.

Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясында Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетуде. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысуда. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-інде басталған, 2010 жылғы қыркүйектің 7-сінде аяқталатын іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар