Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында қыркүйекте екі ойын өткізеді

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан  21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында алдағы қыркүйекте  екі кездесу өткізеді,

Футбол: Қазақстанның жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында қыркүйекте екі ойын өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, біздің команда қыркүйектің 4-інде сырт алаңда Болгариямен ойнайды, ал қыркүйектің 9-ында Алматыда Израильді қабылдайды.  

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турнирі аясында бұған дейін  үш ойын өткізді. Жерлестеріміз алғашқы ойынын осы жылғы наурыздың 29-ында сырт алаңда Израильмен өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін сәуірдің 2-сінде өз алаңында Болгарияны қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.  Үшінші ойынында маусымның 7-сінде Алматыда Черногориядан 0:2 есебімен  ұтылып қалды. Осылайша үш ойынан кейін 4 ұпай жинаған футболшыларымыз әзірге өз тобында 1-ші орында келеді

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстанның жастар құрамасы Израиль, Швеция, Болгария және Черногория құрамаларымен бірге 6-шы топта өнер көрсетуде. Іріктеу турниріне барлығы 52 команда қатысуда. Дания чемпионатты ұйымдастыратын ел болғандықтан, бірден финалға жіберілді. Қалған командалар он топқа бөлінді. 2009 жылғы наурыздың 28-інде басталған, 2010 жылғы қыркүйектің 7-сінде аяқталатын іріктеу турнирінде топтардың әрқайсында екі айналымнан тұратын ойындар өтеді. Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша әр топтың жеңімпазы және нәтижелері үздік екінші орын алған төрт команда плей-оффқа өтіп, жеті жұпты құрады. Бұл кезеңде сәтті ойнаған жеті жұптың жеңімпаздары Даниядағы финалдық турнирге жолдама алады.