Футбол: ҚФФ премьер-лига клубтарының қосалқы құрамдары үшін Ұлттық футбол лигасының кубогы жарысын бекітті

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан футбол федерациясы футболдан премьер-лига клубтарының қосалқы құрамдары үшін Ұлттық футбол лигасының кубогының жарысын бекітті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерацияның мәліметінше, Ұлттық футбол лигасы кубогының жарысына премьер-лига клубтарының қосалқы құрамдары қатысады. Қосалқы құрамдардың командалары чемпионаттың бірінші кезеңінен кейін Премьер-лига клубтары командаларының алған орындарына сәйкес екі топқа бөлінетін болады. Топтардағы матчтар «әркім әркіммен» атты қағидат бойынша өткізіледі, яғни чемпионаттың екінші кезеңіндегі күнтізбенің негізінде әр команда өз алаңында және сырт алаңда ойнайды. Ұлттық футбол лигасы кубогының жеңімпазы «қосымша матчта» анықталады, мұнда әр топтан бірінші орын алған командалар кездеседі. Қосымша матчтың өткізілу орнын Ұлттық футбол лигасы анықтайды. «Қосымша матчты» ұйымдастыру және өткізу міндеті Ұлттық футбол лигасына жүктеледі.

Соңғы жаңалықтар