Футбол: «Манчестер Юнайтед» Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Англияның «Манчестер Юнайтед» командасы футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты,

Футбол: «Манчестер Юнайтед» Еуропа чемпиондары лигасының финалына шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеше болған жартылай финалдағы қарымта ойында «Манчестер Юнайтед» англиялық екінші бір клуб «Арсеналды» оның алаңында 3:1 есебімен ұтып кетті. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жеткен «Манчестер Юнайтед» екінші жыл қатарынан кәрі құрлықтағы ең әйгілі турнирдің ақтық сынына шақты. Былтыр чемпион атанған олар бұл атағын екінші мәрте қорғауға тырысатын болады. Әзірге бірде-бір клуб Еуропа чемпиондары лигасының кубогын қатарынан екі мәрте жеңіп алған жоқ. «Манчестер Юнайтедтің» финалдағы қарсыласы бүгін Англияның «Челси» және Испанияның «Барселона» командалары арасында өтетін қарымта ойында анықталады. Испанияда болған бірінші кездесу 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.