Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» бүгін германиялық «TuS Koblenz» командасымен спарринг-матч өткізеді

ОРАЛ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасында өнер көрсететін, Түркияда жаттығып жатқан Оралдың «Ақжайығы» бүгін германиялық «TuS Koblenz» командасымен спарринг-матч өткізеді.

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» бүгін германиялық «TuS Koblenz» командасымен спарринг-матч өткізеді

«Ақжайық» футбол клубынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш клуб 2010-2011 жылғы маусымда екінші бундеслигада өнер көрсеткен. Кейін қаржы қиындығына ұшырап, оңтүстік-батыс аймақтық лигасына ауысқан.

«Ақжайық» Анталиядағы алғашқы жиында барлығы осындай төрт ойын өткізеді. Осы айдың аяғына қарай Оралға келіп, аз-кем тыныс алғаннан кейін команда шетелдегі екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады.