08:17, 14 Наурыз 2014 | GMT +5
Футбол: «Ордабасы» Қызылордаға бас бапкерсіз келеді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Қайсармен» ертең, яғни 15 наурызда болатын алғашқы ойынға Шымкенттің «Ордабасы» командасы бас бапкерсіз келуі мүмкін, деп хабарлайды облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Себебі, маусымдағы алғашқы ойынға екі күн қалғанда неге екені белгісіз, «Ордабасының» бас бапкері кетіп қалды. Бүгінгі күнге дейін бұл қызметті Виктор Пасулько атқарған еді. Клуб басшылығы онымен арадағы келісім-шартты үзді.
Ендігі кезекте Қызылордадағы алғашқы кездесуге команданы бас бапкердің көмекшісі Қуаныш Қарақұлов бастап барады. Алдағы уақытта бұл қызметті румыниялық маман Августин Кирица немесе қазақстандықтар Қуаныш Қарақұлов пен Талғат Байсуфиновтің біреуі атқаруы мүмкін. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Ал ойынның басталуына бір-ақ күн қалды.