Футбол: ойыншылары жарақат алған «Ақжайық» «Ордабасымен» додаға түспек

ОРАЛ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының сегізінші турында 28 сәуір күні Оралдың «Ақжайығы» Шымкентте жергілікті «Ордабасымен» күш сынасады.
None
None

Бапкері ауысып, белгілі маман Виктор Пасулько команда тізгінін ұстағалы бері «Ордабасы» жеңіліп көрген жоқ. Олар өткен турда қатты қарқын ала бастаған «Қайратты» тоқтатып, 1:0 есебімен тізе бүктірді. Сондықтан алаң иелерінің бұл ойындағы мақсаты тағы да үш ұпайды қоржындарына салу екені анық. Қазір шымкенттіктер 7 ұпаймен оныншы, ал батысқазақстандықтар (9 ұпай) төртінші орында тұр.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз хатшысы Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, команда бапкерлерінің қазіргі басты бас ауруы біріншілік барысында ойыншылардың жиі жарақаттануы болып отыр. «Жетісумен» ойында саптан шыққан белді легионерлердің бірі, камерундық Саджо Хаман 5 мамыр күні Оралда өтетін «Астанамен» матчқа да қатыса алмауы мүмкін. Ал бұдан бұрын жарақаттанған оралдық Николай Забродин мен чехиялық Павел Черны толық түзеліп кете алмаса да, «Ордабасымен» ойынға шығуы тиіс. Бұған бір-бірін тең дәрежеде алмастыра алатын футболшылардың аздығы да әсер етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар