Футбол: өз алаңында екі мәрте қатарынан жеңіске жеткен «Ақжайық» Ақтөбеде ойнайды

ОРАЛ. 26 мамыр. ҚазАқпарат - 26 мамыр күні Қазақстан біріншілігінің кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Ақтөбеде алаң иелерімен жасыл алаңға шығады.
None
None

Ақтөбеліктер 27 ұпаймен көш бастап келе жатса, «Ақжайық» 10 ұпаймен 11-орында тұр. Бұл ойында, әрине, ақтөбеліктердің жеңіске жетуге мүмкіндіктері мол. Осының алдында өз алаңында «Атырау» мен «Таразды» тізе бүктірген «Ақжайық» үшін де алдағы кездесу маңызды.

Өткен жылғы маусымда батысқазақстандықтар «Ақтөбені» өз алаңында 1:0 есебімен ұтса, Ақтөбеде де ойламаған жерден 4:3 есебімен жеңіп кеткен болатын. Биыл бірінші айналымда Оралда өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Кеше қос команданың қосалқы құрамдары арасындағы матчта да 1:1 есебі тіркелді. 51-минутта ақтөбеліктерден Александр Ульшин есеп ашса, 92-минутта «Ақжайықтан» 17 жасар Ербол Жиембетов таразы басын теңестіріп кетті.

Соңғы жаңалықтар