Футбол: Премьер-лигада қазылық жасайтын төрешілер Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан Қазақстанның Премьер-лигасында қазылық жасайтын төрешілер мен олардың ассистенттері Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады,

Футбол: Премьер-лигада қазылық жасайтын төрешілер Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, 65 адамнан тұратын делегацияның құрамына арбитрлардан бөлек, инспектор-мұғалімдер еніп отыр. «Түркиядағы оқу-жатығу жиынына арбитр және инспектор ретінде бай жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалімдер баратын болады. Ақпанның 21-не дейін жалғасатын жиында бізді қажырлы жұмыс күтіп тұр. Қазақстандық төрешілер 40-қа жуық матчтарға қазылық жасайды деп жоспарлануда. Тұтастай алғанда, барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді. Бүгін барлық арбитрлар жаңа жабдықтар алатын болады. Барлығы жиынның сапалы өтуіне тастүйін дайын», дейді ҚФФ Төрешілер комитетінің төрағасы Александр Мазманьян.