Футбол: «Тобыл» жеке дара көш бастады

АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші турынан кейін Қостанайдың «Тобыл» командасы жеке дара көш бастады,

Футбол:  «Тобыл»  жеке дара көш бастады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турда «Тобыл» өзінің басты қарсыласы, өткен маусымдағы ел чемпионы - «Ақтөбе» клубына қонаққа барып, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал, Қарағандының «Шахтері» болса Оралдың «Ақжайығын» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті. Сөйтіп турнир кестесінде екінші орынға шықты. Өз алаңында Астананың «Локомотив» командасын қабылдап, 1:0 есебімен ұтқан «Тараз» үшінші орынға орнықты. Төртінші турдағы қалған матчтардың нәтижесі мынадай: «Атырау»-«Ордабасы» 1:0, «Ертіс»-«Қайрат» 1:0, «Оқжетпес»-«Жетісу» 0:0. Премьер-лига командалары арасындағы 5-ші турдың ойындары сәуірдің 15-де өтеді.