Футбол: УЕФА жасөспірімдер лигасында «Атлетико» «Астана» қақпасына 7 гол соқты

Матч басында Роберто Нуньес есеп ашты. Ілияс Қуанышбай гол соғу арқылы жауап қайтарды. Алайда Хуан Морено мен Лукас, кейін Нуньес гол соғып, Морено пенальтиді сәтті жүзеге асырып, «Атлетико» алға шықты. Екінші таймда Кейнти Баре мен Саломон қазақстандықтар қақпасының кілтін таба білді.
3 қарашада астаналықтар испаниялықтарды өз алаңында қабылдайды. «Атлетико» U-19 - «Астана» U-19 7:1 (5:1) Голдар: Нуньес 15 (1:0), Қуанышбай 22 (1:1), Морено 24 (2:1), Лукас 29 (3:1), Нуньес 30 (4:1), Морено пенальтиде 36 (5:1), Баре 57 (6:1), Саломон 75 (7:1). Ескертулер: Переа 38, Моэдано 85 - Сағынов 50, Жақыпбаев 88. «Атлетико» U-19: Перес, Лукас (Эрас Гарсиа 58), Монторо (к), Карлос Исаак, Переа, Моэдано, Ферни (Саломон 46), Морено, Агуэро, Нуньес, Баре
«Астана» U-19: Жүнісов, Берг, Амантаев (Нұрмағанбет 61), Зимогляд, Асылханұлы, Сәулет (к), Қуанышбай, Сағынов, Байғазы (Жақыпбаев 77), Зайнетдинов, Ассаинов (Бураев 67). Бас төреші: Николя Лафорж (Бельгия). 21 қазан. Махадаонда. «Серро Дель Эспино».