Футбол: Украина құрамасы да әлем чемпионатынан тыс қалды
АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат -2010 жылғы футболдан Олимпиада чемпионатының финалына қатысу құқығы үшін Грекия мен Украина құрамаларының арасында өткен кездесу грекиялықтардың жеңісімен ( 0:1 есебімен) аяқталды,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Украинаның Донецк қаласында өткен бұл кездесудің жалғыз голын ойынның 31-ші минутында грекиялықтардың шабуылшысы Димитриос Салпигидис соқты. Ойынның қалған бөлігі украиналық құраманың басымдығымен өткенімен, олар гол соға алмады. Осылайша, гректер өз тарихында екінші рет Әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Алғашқы жолдамаларын олар 1994 жылғы чемпионатқа алған болатын.