Футбол жұлдыздары Гаитиде зардап шеккендерді қолдау үшін қайырымдылық матчын өткізеді

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Футболдың әлемдік жұлдыздары зілзала салдарынан зардап шеккен Гаити тұрғындарын қолдау үшін қаңтардың 25-інде Лиссабонда қайырымдылық матчын өткізеді.

Футбол жұлдыздары Гаитиде   зардап шеккендерді   қолдау  үшін    қайырымдылық матчын өткізеді

Бұл туралы Еуропалық Футбол қауымдастықтарының одағынан хабарлады. Бұл ойынға француздық Зинедин Зидан мен бразилиялық Роналдо бастамашы болып отыр. Осы екі футболшымен кезінде Мадридтің «Реалында» бірге өнер көрсеткен достар командасы португалдық «Бенфика» клубының жұлдыздар командасымен күш сынаспақ.

Бұл қайырымдылық матчына қатысуға келісім бергендердің қатарында бразилиялық Кака, Марселу мен Лусиану, француздар Фабьен Бартез пен Кристоф Дюгарри, португальдықтар Луиш Фигу, Фернанду Коуту және Паулета, испандық Фернандо Йерро, т.б. ойыншылар бар.

Матчқа итальяндық арбитр Пьер Луиджи Коллинна төрелік ететін болды.