Футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футболдан 2009 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыстың жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды,

Футболдан  2009 жылғы Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жартылай финалға Ақтөбенің «Ақтөбе», Атыраудың «Атырау», Талдықорғанның «Жетісу» және Қарағандының «Шахтер» командалары жолдама алды. Бұлар ширек финалда қос матчтың қорытындысы бойынша тиісінше «Восток», «Қайсар», «Тараз» және «Ертіс» командаларынан басым түсті.