Футболдан 2010 жылғы әлем чемпионатына билеттер сату басталды

ЛОНДОН.Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Бүгін 2010 жылы Оңтүстік Африкада өтетін футболдан әлем чемпионатына билеттер сату ресми түрде басталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап.Барлығы 64 ойынға 3 миллионға тарта билет сатылады, олардың бағасы 80-нен 900 долларға дейін барады.120 мыңға тарта билет Оңтүстік Африка Республикасы тұрғындарына қалдырылған және ол 20 доллардан сатылады. Тағы 40 мың билет чемпионаттың спорт нысандарын салып жатқан құрылысшыларға тегін таратылады. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен чемпионаттың ұйымдастыру комитеті барлық матчтарға билеттер толық сатылады деп үміттеніп отыр.Чемпионат келесі жылы маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында өтеді.
Соңғы жаңалықтар