Футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты өтетін стадиондарда темекі шегуге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу кезінде стадиондар аумағында темекі шегуге тыйым салынады.
None
None

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жаңа талаптардың орындалуын арнайы оқытылған еріктілер, сондай-ақ қауіпсіздік қызметкерлері мен стюардтар қадағалайды.

УЕФА темекі шегуге қарсы бағдарламаны Еуропалық денсаулықты зерттеу желісі және Бүкіләлемдік жүрек федерациясымен бірігіп жасады.

Соңғы жаңалықтар